Ақмола облысы, Есіл қаласы
Есіл қалалық №3 орта мектебі
«Балдырған» лагерінің есебі
Дайындаған: Нұрмағанбетова А.Қ.
Бердіғұлова А.Ж
2020 жыл
2020-жыл Қашықтықтағы мектеп жанындағы
Балдырған жазғы демалыс лагері есебі
08/06 Лагерьдің алғашқы күні.
1.Балалармен сәлемдесу;
Күндей жадырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза,мөлдір көңілмен.
Сәлем беріп,бас иіп,жазғы лагерьімізді бастаймыз!
2.Таңғы жаттығу
3.Лагерь туралы мәлімет беру;Бізде жыл сайын маусым айында мектеп ауласында жазғы лагерь болады.Өкінішке орай биыл қашықтықтан өткелі отыр.Лагерде көңілді ойындар,суреттер салу,мултьфильмдер,т/б отіледі .Сондықтан лагерге белсенді қатысып,тапсырманы мұхият орындап отырсаңдар лагерь соңында мадақтама аласыңдар.Іске сәт аяулы шәкірттерім!
4. ”Кел балалар ойнайық” Ойындар әлемі. “Секір-секір” ойыны.
09/06 .”Біздің лагерь” суреттер байқауы.
1.Сәлемдесу;
2.Таңғы жаттығу
3.Оқушылардың “Жазғы демалыс” тақырыбында сурет салуы
4. “Көпшілік мәдениет орындарында өзіңді қалай ұстайсың?” тақырыбында ақыл-кеңес.Оқушылар өз түсінгендерін,ойларын айтып,ортаға салды.
5.Келесі күннің жоспарымен танысу.
10/06 Жүзден жүйрік 1.Сәлемдесу;
2.Таңғы жаттығу
3.”Мақал-сөздің атасы” мақал-мәтелдер сайысы бойынша балалар өздері жаттаған мақал-мәтелдерін айтып берді.
4 . “Шеберлік те жақсы өнер” оқушылар өздері қолдан жасаған бұйымдарын, жапсырмаларын,мүсіндерін жіберіп,мадақтамалар алды.
11/06“Дені саудың-тәні сау”
1.Сәлемдесу;
2.Таңғы жаттығу Көңілді күн сергіту сәті
3. “Спорт-денсаулық кепілі” спорттық ойындар:асық ату,аударыспақ,тығылмақ,алтыбақан
4. “Өзіңе зиян келтірмей күнмен қалай достасуға болады?” .Таза ауадағы саяхат. Балалар өздерінің таза ауада серуендеуі туралы суреттерін жіберді.
5.Келесі күннің жоспарымен танысу
12/06 Өнерлі өрге жүзеді Қол өнер байқауы 1.Сәлемдесу;
2.Таңғы жаттығу Би билегім келеді
3. Мультфильм “Жеті лақ” , “Қарлығаш пен дәуіт” , “Аю мен ара”
4. “Кел балалар билейік” би сайысы.Балалар өздері білетін билерінен көріністер жіберді.
5. “Лагерьдің жабылу салтанаты” Оқушылар тақпақтар оқып берді.