«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балалар кітапханасы» жобасы

Ақпанның 13 күні «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында Есіл қаласының №3 ЖББО мектебінде «Мақал-сөзің азығы, Жұмбақ-ойдың қазығы» атты ата-аналармен балалар тобынан құралған сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты: Оқырмандарды “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорың молайту. Мақалдап,мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.
Ата—аналар мен балалар «Білгірлер» және «Алғырлар» тобы болып екіге бөлінді.
Сайыс ІІІ кезеңнен тұрады:
1) Мақалды жалғастыр «Асық ату»;
2) Тірек сөздерді пайдалана отырып, мақал-мәтелдер құрау;
3) Балалар өздері білетін жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер айту.
Сонымен қатар балалармен қызықты ойындар ойнатылды.
Өткізгендер: мектепалды даярлық тобының сынып жетекшісі Аманбай Ф. Н
Кітапханашы Жакибаева А. Т

Жаңартылған күні: 21.05.2024 10:37
Құрылған күні: 21.05.2024 10:37

Текст