Текст
10.04 күні даярлық сыныпта математика пәнінен ашық сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы:«Геометриялық пішіндер»
Мақсаты: Геометриялық пішіндер және олардың түстері туралы түсініктерін бекіту.
Оқушылар ең алдымен математика әлемін қайталап, 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санап, түсіп қалған сандарды «Кір қыстырғыш» әдісі арқылы жіптің бойына ілді.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің тақырыбын ашып алу үшін «Ой қозғау», яғни оқушыларға жұмбақ жасырылды. Жұмбақ геометриялық пішіндерге байланысты болды. Балалар белсенді түрде сабаққа қатысып, мұғалімнің берген тапсырмаларын толықтай орындады. Сабақтың соңында оқушылар өздерін тик—ток әдісі арқылы бағалады.
Өткізген: Аманбай Ф. Н