«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Бас есепші мемлекттік тілде бос лауазымына орналасуға 1 конкурс жариялайды

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Бас  есепші  мемлекттік тілде бос лауазымына орналасуға 1 конкурс жариялайды

Конкурс жарияланған лауазымның атауы: «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ   бас  есепші  бос  лауазымына орналасуға , 1 мөлшерлемеге конкурс жариялайды.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 300 000 теңгеден  350 000 теңге аралығында Конкурсқа қатысу үшін қажетті өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап  сайтында 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс. Көрсетілетін қызметті берушіде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі және жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00 – ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса алғанда,05.03.2026 – 16.03. 2026 ж   дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

Лауазымдық міндеттері:  ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, ұйым теңгеріміндегі мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;есептік-экономикалық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметін қамтамасыз етеді және оған басшылықты жүзеге асырады;қаржылық-экономикалық қызметті қалыптастыру және реттеу жөніндегі бөлімшенің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара қызмет ете отырып өз міндеттерін атқарады;бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің құрылымы мен ерекшеліктеріне, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделе отырып есеп саясатын қалыптастырады; есептердің жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспарларын), үлгі нысандар көзделмеген, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау жөніндегі жұмысқа, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеуге, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібін, шаруашылық операцияларды жүргізуді бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтауды және құжатайналым тәртібін қамтамасыз етуге басшылық етеді;ұйымдағы және оның бөлімшелеріндегі бухгалтерлік есеп және есептіліктің оңтайлы ұйымдастырылуын есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру және заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды, есептеу мен бақылаудың дамыған нысандары мен әдістерін пайдалану арқылы қамтамасыз етеді;ұйымның қызметі туралы, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және нақты бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады; мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, түсетін негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын есепке алуды, шоттарда олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақтылы көрсетуді, өндіріс және айналым шығындарын есепке алуды, шығыстар сметасын орындауды, өнімді өткізуді, жұмыстарды (қызметтерді) орындауды, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ қаржылық, есептік және кредиттік операцияларды ұйымдастырады; құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылылығын және дұрыстығын, өнімнің, орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) өзіндік құнының экономикалық негізделген калькуляцияларын жасауды, жалақы бойынша есеп айырысуды, салық және мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді, зейнетақы және өзге сақтандыру жарналарын, банктерге төлемдерді, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты дұрыс есептеуді және аударуды қамтамасыз етеді; бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуына, ұйым жұмыскерлері жалақысының дұрыс есептелуіне, жалақы қорының жұмсалуына, негізгі құралдарға, тауарлы-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатына түгендеу жүргізуге бақылауды, бухгалтерлік есеп және есептілік ұйымдарын тексеруді, сондай-ақ ұйым бөлімшелерінің құжаттарын тексеруді жүзеге асырады; ішкі шаруашылық қорды айқындау, шығындар мен өнімсіз шығындарды тоқтату мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысады;жетіспеушіліктердің, ақша құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша қаржылық зерттеулер жүргізуге мен материалдар ресімдеуге қатысады, қажет болған жағдайларда материалдардың тергеу және сот органдарына берілуін бақылайды; ұйымдардың банкроттығын ресімдеу рәсімдеріне қатысады; ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаржы құралдарын жинақтау бойынша шаралар қабылдайды; бос қаржы құралдарын банктердің депозит салымдарына (сертификаттарына) орналастыру және құнды қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша банктермен өзара әрекеттесуді, депозиттік және кредит шарттарымен есеп операцияларын жүргізуге бақылауды жүзеге асырады;штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және өзге де шығыстар сметасының, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектер мен өзге де шығындарды бухгалтерлік есептен шығару заңдылығының қатаң сақталуын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың белгіленген тәртіппен архивке тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді; баланс жасауды және қаражат табысы мен шығысы туралы, бюджеттің пайдаланылуы туралы жедел жиынтық есептерді, өзге бухгалтерлік және статистикалық есептерді жасауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді және есептік ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді;  заманауи есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, тиімді жоспарлы және есептік құжаттаманы, бухгалтерлік есеп жүргізудің дамыған нысандары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысады;бөлімшелердің жұмыскерлеріне бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау, есеп беру және талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді; бухгалтерия жұмыскерлеріне басшылық етеді.

Білуге тиіс: бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; жоғары тұрған қаржы және бақылау-тексеру органдарының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есеп жасау мәселелері бойынша, сондай-ақ ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты әдістемелік және өзге де материалдар, құралдар, азаматтық, қаржы, салық және әкімшілік-шаруашылық заңнама; зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама негіздері, ұйымның құрылымы, оның даму стратегиясы мен перспективалары;  ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, оны жүргізу тәртібі;  операцияларды ресімдеу тәртібі және есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, қаржы есептерінің нысандары мен тәртібі;  ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін экономикалық талдау, шаруашылықтың ішкі қорын анықтау әдістері; ақша қаражатын, тауар-материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау тәртібі; дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу тәртібі, Заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттары; бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және өзге де ысыраптарды есептен шығару тәртібі; ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу тәртібі; бухгалтерлік баланстар мен есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері; тексерулер мен құжаттамалық ревизиялар жүргізу тәртібі; заманауи есептеуіш техника құралдары және оларды есептеу жұмыстарын орындау және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін талдау үшін қолдану мүмкіндігі, атап айтқанда салық есептілігі мен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламасы; бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың отандық және шетелдік озық тәжірибелер;қаржы есептілігінің халықаралық ұлттық стандарттары, қаржылық есептілік депозитарийімен жұмыс жүргізу дағдылары;  өндіріс технологиясының негіздері, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері;экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарда соңғы 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурстан өту үшін құжаттар тізімі:

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа катысу туралы өтініш.

 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3)  кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4)  білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5)  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9)  түйіндеме;

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 05-наурыздан бастап 16 наурызға  дейін (7 жұмыс күні) келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 020900, «Ақмола облысы білім баскармасынын Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - сі,
  • М.Ауезов 24 үй, тел. 8 (71647) 22-1-98, ұялы тел 87013828330, электрондык почта:esil_scholl3@mail.ru

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Текст