Есіл қалалық №3 орта мектебінде 11сынып оқушыларымен «Менің таңдауым осы» тренингі өткізілді.
Тренинг мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
Жүргізілу барысы: ортада тұрған орындықтардың үстіндегі сұрақтарға жауап беру қажет. Ол сұрақтарға жауап беру үшін, сол орындықты таңдап, артына тұру қажет.
- Кім дамыған аймақта жұмыс жасағысы келеді?
- Кім көп ақша тапқысы келеді?
- Кім мемлекеттік мекемеде жұмыс жасағысы келеді?
- Кім жұмыс жасағысы келмейді?
- Кім ата-анасының жолын жалғастырғысы келеді?
- Кім бастық болғысы келеді?
- Кім атақты болғысы келеді?
Нәтижесі: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастырады. (Оқушыларды ортадағы дөңгелек үстелге 15-15 тен отырғызу).
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темірхан Р.Н