Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жыл 5 қазан күнгі
жолдауы
Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық проблемаларды
түгендеген жолдау болып табылады. Оны Есіл қаласының №3 орта мектебінің мұғалімдер ұжымы болып, тыңдап талқылады.
Экономикалық-прогрессивті мемлекет қалыптастыруда алда қойған мәселелерді атап өтті. Жолдауда басымдық көрсетілген бағыттар: еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру, Отандық өнім, ең төменгі күнкөріс көзін арттыру,төменгі жалақыны 28 мыңнан 42 мыңға дейін арттыру,бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 35 пайызға көтеру, оның ішінде мұғалім,дәрігер, құқық қорғау салысы қызметкерлері, қорғаныс саласы қызметкерлері бар.
Инфрақұрылымның әлеуметтік қауіпсіздігіне қаржы бағыттай отырып, білім, ғылым, медицинаға ЖІӨ-нің 10 пайызы жұмсау, мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдауды тапсырды. Біздер Президенттің мұғалімдердің мәртебесін
көтеру мақсатында айтылған бұл бастамаларды қолдаймыз.
Келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды.Бұл Қазақстан жастарының болашақта білім алуына, кәсіби тұрғыдан дамуына үлкен көмек болары сөзсіз.
Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналуы тиіс деп көрсетілген жолдауда.
Сондай-ақ екінші Назарбаев Университетін ашу тапсырылды.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдау қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, табысы пен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.