2021 жылдың 18-қазанында "Жыл отбасы-2021" аудандық байқауы өтті. Мақсаты: Отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. Байқау қашықтан екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Байқауға аудан мектептерінен 17 отбасы қатысты. Байқау шарты бойынша ұзақтығы 10 минуттан аспайтын бейнеролик (отбасының құрылу тарихы, отбасының құрамы, оның жетістіктері, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер, қайырымдылық және волонтерлік қызмет туралы ақпарат, балалардың мектеп өміріне қатысуы туралы) ұсынылды. Сондай-ақ, "Бақытты отбасы: отбасылық қуаныш, махаббат, нәзіктік,қамқорлық" атты фотоколлаж немесе отбасы альбомын ұсынды.
Қашықтықтан өткен аудандық байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар:
Бас жүлде – Есіл қаласы №3 жалпы білім беретін мектебінің Мубарак отбасы;
1 орын –Орловка аулының жалпы білім беру мектебінің Мудрик обасы;
2 орын –Ковыльный ауылының жалпы білім беретін мектебінің Қалыбаевтар отбасы;
3 орын-Москвский ауылындағы жалпы білім беретін мектебінің Травкиндер отбасы;
3 орын –Сұрған ауылындағы жалпы білім беру мектебінің Қасеновтар отбасы
"Жыл отбасы"аудандық қашықтық байқауының барлық қатысушыларын құттықтаймыз!!! Отбасыңызға амандық, зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз!