Сары күз келісімен, білім ошақтарында «Алтын күз» тақырыбында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Бұл дәстүр біздің мектепте де көрініс тауып, «Күзгі қиял» тақырыбы аясында бірнеше іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, 1-4 сыныптар арасында табиғи материалдардан қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылардың фантазиясынан шыққан қолөнер заттары қойылды. Қиялда шек жоқ деген рас екен-ау, сірә. Балалардың қолдарымен жасаған бұйымдарында күзгі табиғаттың керемет көріністері, күз маусымының берекесі әдемі үйлесім тапқан.
Күзгі табиғаттың айшықтарын бейнелеу 5-6 сыныптардың оқушыларына жүктелді. Бұл сыныптар арасында табиғатты суреттейтін үздік плакаттар сайысы өткізілді. Ал жоғары сынып оқушылары күзгі поэзия әлеміне саяхат жасап, күз туралы өлеңдерге бейнероликтер түсірді. Жыл сайын мамыражай жететін күз мезгілінің халық үшін қашанда маңызы зор. Оның артықшылықтарын айтып тауыса алмайсыз... «Күзгі қиял» тақырыбы аясында өткізілген іс-шаралардың мақсаты да сол, әрбір күз маусымының мән-маңызын, ырзық-несібесін түсіндіру арқылы балаларға өз туған жерінің қасиетін ұғынуға, табиғатты сүюді үйрету.