Есіл қалалық
жасөспірімдер шығармашылық үйінде аудандық «Менің Қазақстаным» - атты іс – шара
аталып өтті. Себебі әрбір Қазақстан азаматының жан жүрегіне жақын ең басты
құндылықтарының бірі -тәуелсіздік күні. Бұл
Тәуелсіздік- ата-бабаларымыздың ұлан ғайыр жерімізді жаудан ақ найзаның ұшымен
ақ білектің күшімен қорғап бүгінгі ұрпаққа аманат еткен қасиетті қазақ
даласында бүгінгі күні 27 жыл көк
байрағын желбіретіп отыр. Осы атаулы іс- шараға Есіл ауданының барлық
білім ошақтары қатысты. Әр қатысушылар өздерінің өнерлерін ортаға салып,
көптеген ақын жазушылардың өлеңдерін оқып, көрермендердің көзайымына айналды.
Есіл қалалық №3 орта мектептің оқушыларыда өнерлерін ортаға салып жүлделі
орындарға ие болды.
Атап айтар болсақ,
«Жас қаламгер» тобының «Тәуелсіздік жолында» көркем әдеби музыкалық шығармасы
бірінші орынды иеленсе, 2 орынды Алмас Аяулым,
ал 3 орынды Қапар Дастан мен Қали Нұрайым қанжығаларына байлап қайтты.
Өнерлі
оқушыларымызға болашақта талай белестерді бағындыруларына тілектеспіз.