«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы"

15.02.2022

Есіл қаласының №3 жалпы білім беретін орта мектебінде 7 ақпаннан 12 ақпанға дейінгі аралықта «Өзін-өзі тану» пәніннен «Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндік іс-шаралардың жоспарына сәйкес бірінші күні «Сүйіспеншілік-өмір негізі» атты акция ұйымдастырылды. Оқушылар өмір негізі болатын адами ізгі қасиеттер туралы пікірлерін тілек тақтасына жазып, өз тілектерімен бөлісті.

Мектеп псилогтары Ерғалиева А.Г., Аманжол Г. ұйымдастыруымен 1-4 сынып және 5-6 сынып оқушылары арасында «Сүйіспеншілік-өмір негізі», «Жүректен жүрекке» атты тренингтер өткізілді. Сондай-ақ, бастауыш сыныптарда «Жомарттық пен ақпейілділік» тақырыбына арналған ашық сабақтар өткізілді. Атап айтсақ, «Ақкөңілділік» тақырыбында 3 «а» сыныбында Иманбаева А.Т ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға ақкөңілділік ұғымын түсіндіре отырып, адамгершілік ізгі қасиеттерді балалар бойына дарыту. Бастауыш сынып мұғалімі Мәнекей Ш. 2-4 сынып оқушылары үшін «Адамгершілік-адам негізі» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Ал 2 «а»-сыныбында Ерғалиева А.Г. «Дос болуды үйренеміз» тақырыбына арналған ашық сабақ өткізді. Мақсаты-оқушыларға достықтың қадірін түсіндіру, жанашырлыққа баулу.  «Жомарттық пен кеңпейілділік» тақырыбына арналған ашық сабақ 3 «ә»-сыныбында өтті. Сабақты өткізген аталған сынып жетекшісі Калина К.   Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа қатысты өз ойларымен бөлісіп, ақкөңілділік, кеңпейілдік ұғымдарының адам бойындағы ең ізгі қасиеттер екенін ұғынды.  Жоғары сыныптарда өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бекжанов А.К «Отбасының жылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа 6 «ә»-сынып оқушылары қатысты.

        Мектеп тәлімгері Бекжанова Қ.Ж. 5-10 сыныптар арасында

«Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында қабырға газеттер көрмесін ұйымдастырды. Көрменің қорытындысы бойынша үздік газеттер анықталып, жеңімпаз сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 Сонымен қатар осы күні апталықтың жабылу салтанаты болып, жақсы суреттер, эсселер, сабақтарға белсене қатысқан оқушылар аталып өтілді. Апталықта жоспарланған іс-шараның барлығы өткізілді. Сабақ барысында мұғалімдер қосымша материалдар, слайдтар қолданып, сабақтар өте жақсы дәрежеде өтті. Барлық мұғалімдер жаңа технологияның (интерактивті тақта) бар мүмкіншілігін молынан пайдаланды. Мұғалімдер де, оқушылар да апталық барысында белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс жасады.

 

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст