«Жылы жүрек- жомарт қол» қайырымдылық акциясының аясында Есіл қалалық №3 орта мектебінің еңбекке баулу пәнінің мұғалімдері Иргибаева Умургуль Тургуновна мен Фазылов Еркін Қанатұлының жетекшілігімен оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге 5-11 сынып оқушыларының қолдан жасаған бұйымдары қойылды.Айтар болсақ сәндік қолданбалы өнер фетрден жасалған бұйымдарды 10-сынып қыздары Қонысова А, Мағауия Н, Мырзақасым А. Қабденова М жасады.
Аққу, сәукеле және моншақтан жасалған бұйымдарды 11-сынып қыздары Ануарбек Л, Ануарбек С өз қолдарымен жасап шықты. Ниткография картинасын Ахметова Л, Ишанғалиева А жасады. Тоқыма жіппен тоқылған жұмсақ ойыншықтарды 6-сынып оқушылары Аятхан А, Кабильдинова Т жасады. Ұсақ моншақтармен жасалған бұйымдарды 7-сынып қыздары жасады.
Көркем еңбек сабағында ер балалардың қолдан жасаған бұйымдарын атап өтуге болады.
5-7 сынып оқушылары Тәуелсіздік күніне, Рухани жаңғыруға байланысты және әр түрлі жан-жануарлар мен аң-құстардың суреттерін бейнелеп салды.оның ішінде атап өтер болсақ,5-сынып оқушысы Жақсылықов Б салған суреті аса ұқыптылықпен бар зейінмен салынғанын аңғаруға болады.
Қорыта келгенде, қай сыныпты алмасақ та көркем еңбек сабағында берілген тапсырмаға аса тиянақтылықпен қарап,өздерінің бар өнерлерін салып, осы көрмені ұйымдастыруға барлығы да бір кісідей ат салысты.