31.01.2019 жылы Есіл қалалық орта мектебінің мәжіліс залында аз-қамтылған және ішкі риск тобындағы оқушылармен мектеп жасындағы құқық бұзушылықпен әлімжеттік көрсету және «Өзіңізді және отбасыңыздың ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғауға болады!» тақырыптары туралы бас қосу өтті. Отырыс барысында мектебіміздің әлеуметтік педагогі Қабденов А.С. дайындаған мектеп жасындағы оқушылардың қылмыс жасау жағдайы мен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жайында ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барысында оқушыларға бала құқығы туралы баяндама оқылып, жиналған оқушылармен сұрақ жауап жүргізіліп, құқық бұзушылықтың адам өміріндегі зияны мен шырмауы жайлы түсіндірілді.
Мектеп медбикесі Нурымова С.Т «Өзіңізді және отбасыңыздың ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғауға болады!» тақырыбында әңгімелер өткізіліп, оқушылардың тазалықты ұстауы және өздерін көпшілік арасында ауруды жұқтырып алмау шараларына мысалдар келтірілді. ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері білінген кезде дереу дәрігер шақыртуы немесе дәрігерге жолығуы жайында сөз қозғалды.