«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Есіл қалалық №3 орта мектебінде «Қазақстан халқы 1 - мамыр ынтымақ пен бірлік күнін» атап өтті. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтуде. Бүгінде «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты мектепішілік іс-шара мектебіміздің 8 «Ә» сыныбы жетекшісі Лахай Ринаның ұйымдастыруымен өтті. Сыныптар әр ұлттың ұлттық-мәдени қағидаларымен таныстырып, мерекелік іс-шарада сол ұлттардың әндерін айтып, билерін билеп, дәстүрі мен салтына тоқталып, түрлі көрермендердің көңілінен шықты.