«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудін негізі» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

17.05.2019

«Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудін негізі» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

15 мамыр күні сағат 18:30 да Есіл қалалық№3 орта мектебінде Халықаралық отбасы күніне арналған  «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудін негізі» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.  Жиналысқа 75%  ата-аналар қатысты.

Есіл қалалық №3 орта мектебінің директоры: Сейтыгалиева Рыскуль Молдағалиқызы ата-аналарды бүгінгі халықаралық отбасы күнімен құттықтады.   Жиналыстың мақсаты: отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде.  Бұл мереке қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңызды екендігін еске салады. Отбасының арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты артады. Отбасының амандығы – елдің даму және ілгерілеу өлшемі екенін айтып, жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі мәселелермен ата-аналарды таныстырды.

     Мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізі ретінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсаты – біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру салты болып табылатынын, «ОТАНЫМ-ТАҒДЫРЫМ», «ӨЛКЕТАНУ», «САНАЛЫ АЗАМАТ» базалық бағыты бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері слайд, бейнебаян  арқылы көрсетілді.

      Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Шаяхметова Б.С. және Абишева Р.К. 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы, оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасын, оқу процесінің цифрландыруы яғни электронды күнделікке толық көштік ата-аналарға балаларының білімін күнделік «кz» сайтынан қадағалай алатыны жайлы түсіндіріп кетті.

 «Қамқоршылық» кенесінің төрайымы – Каримбаева Замзагуль Тлеухоровна Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту және мектептегі қамқоршылық кеңестерінің қызметі. Отбасылық дәстүрлердің қайта өркендеуі – жалпыұлттық идея. Отбасы – баланың жеке тұлғасын әлеуметтендірудің алғашқы институты, оның үлкен ересек әлеміне кіруі бойынша алғашқы қадамы. Бүгінгі таңда оң отбасылық дәстүрлерді қайта өркендету, отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесімен алмасу ҚР тәрбие жүйесінің маңызды міндеті болып табылатына және мектептегі қамқоршылық кенесінің жұмысын  атап өтті.

        Есіл ауданының ішікі істер бөлімінің учаскелік полейцейі – Елкеев Е.Е. ата-аналарға   «Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір  қауіпсіздігі жайлы» ережелері мен міндеттерін түсіндіріп айтып ескертті.

Мектеп психологі:  Саяхат Тойгүл  ата-аналарға  «Бала мен ата-ананың қарым-қатынасы» жайлы слайд, бейнебаян арқылы көрсетті.

Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Есіл қалалық №3 орта мектебі директордың тәрбие жөніндегі орынбасары
Бөрібаев Айбар Қайыржаұлы

Просмотров: 544


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст