«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2019 жылғы 1-тамызынан 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта жүргізілуде. Аталған акцияның мақсаттары: мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғындардың назарын аударту. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себеп бойынша балалардың мектепке бармауының алдын-алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.Біздің мектебімізде де: табысы төмен отбасынан шыққан мектеп оқушыларына қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай қалудың алдын алу мақсатында іс-шара ұйымдастырылуда.Баршаларыңызды акцияға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.