Текст
Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында өтіп жатыр. Республикалық «Мектепке жол» акциясы Есіл қалалық №3 орта мектебінде де жалғасын тапты. Акция шеңберінде оқушыларға демеушілік қолдау көрсету үшін, Көкшетау қаласынан келген «Еуразиялық банк» филиалының өкілдері жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, оқушы сөмкесі және оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, өз көмектерін көрсетіп, оқу құралдарын балаларға табыс етті.