« Есіл қаласының№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған тілдер
онкүндігі бойынша өткізілген іс-шаралар туралы
Ақпарат
Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған «Тіл – елімнің ертеңі» атты тілдер онкүндігі өтті. Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тіліндерінде өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс- шаралардың өтуіне ат салысты. 5-қыркүйек күні апталықтың ашылу салтанатына орай мектеп директоры Молдатина Ф.О тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де, тұрақты болып өрістеп дамуына үлес қосу жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатынын айтып, Қазақстан Республикасы халқының тілдер күнімен құттықтады. «Тілім-тірегім,соғып тұрған жүрегім» оқушылар арасында шығармалар байқауы өтті .«Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» атты сайысты сынып жетекші Төлеген Д. ұйымдастыруымен қызықты да көңілді өткізді. «Бала – тілі бал» атты көркем сөз оқу,бастауыш сыныптар аралығында өткізіліп, оқушылар өзара пікір таласып өз ойларын ортаға салды.Тоқтархан Ж пен Бекжанова Л.К ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушыларының арасында «Үш тұғырлы тіл-уақыт талабы» атты мәнерлеп оқу сайысы өте жақсы деңгейде өтті.Орыс тілі мұғалімі Фазылова Ж.К «Тіл шебері» атты үш тілде оқушылардың білім деңгейін дамыту мақсатында викториналық сұрақтар қойып,топпен жұмыстар өткізілді. Әрбір сынып оқушылары осы сайыстарға жақсы дайындықпен ат салысты. Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы Қазақстанның әрбір азаматын Тілдер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Мектеп директорының м.а Молдатина Ф.О
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темірхан Р.Н