Бүгін мектебімізде "Жас өркен" өзін-өзі басқару ұйымының " дебат фракциясының" ұйымдастыруымен 7-9 сыныптар арасында мектепшілік пікірсайыс турнирі өткізілді. Пікір сайыс қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап 7 команда арасында өзекті тартысты ойын өтті. Оқушылардың Үкімет және оппазиция болып бөлініп жеребе арқылы аяқ асты таңдалған тақырыпқа орақты ой мен дәлелді дәйектер келтіре отырып ұсталған бағытын жеңіп шығуы, сайыскерлерді ойын анық жеткізуге жылдам әрі жүйелі шешім қабылдап әрекет етуге үйретті. Оқушылардың қорытынды ойымен бөлісу кезеңінде бар болғаны берілген 3 минут ішінде қарысластан ойымен пікірін асырып айтып жүзден жүйрік шыға білген топтардың бүгінгі ойыннан алған әсерін сөзбен жеткізу қиын.
Сайыс қорытындысы бойынша "Жігер" тобы-1орын
"От" тобы-2 орын
"stars" тобы-3 орынды иеленді.
Үздік спикер атағын-9 "Ә" сынып оқушысы Қабдуахит Нұрасыл жеңіп алды.
#пікірсайыс