16.05.2023 күні мектебімізде “Мектеп, оқушы, ата-ана бірлігі” тақырыбында жалпы ата -аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы, тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу;
Күн тәртібінде осы мәселелер қаралды:
1 Мектеп директоры -Ф.О. Молдатина - мектеп формасына қойылатын талаптар, мектеп бітіруші түлектер.
2. Оқу ісінің орынбасары: Қуанышбай Г.А
Білім сапасы 9,11 сыныптарында 2022-2023 оқу жылындағы аттестаттау емтихандары.
3. Ғылыми әдістемелік жөніндегі орынбасары Ерғалиева А.Г
Білім алушылардың 2022-2023 оқу жылындағы жетістіктері
4. Мектеп психологы Саяхат Т ата-аналармен тренинг.
5. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Темірхан Р.Н
2022-2023 оқу жылының тәрбие жетістіктерімен ата-аналарды таныстыру.
6 Аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері. ”Назар аударыңыз,балалар!” тақырыбында баяндама өткізді.
Жиналыс соңында мектептің қоғамдық өмірінде сондай ақ ,оқу бағдарламасы барысында үнемі байланыс орнатып белсінділік танытқан ата- аналар марапатталды.