2023 жылдың 18 қазанында Есіл ауданының білім бөлімінің мәжіліс залында «Жыл оқушысы-2023 » аудандық конкурсы өтті.Аудандық конкурсқа 17 оқушы қатысты.
Конкурстың мақсаттары:
•оқушылардың білім деңгейін арттыру;
• оларды әртүрлі білім салаларында өзіндік
зерттеу және шығармашылық жұмыстармен
таныстыру;
•жеке қабілеттердің жаңа деңгейін
қалыптастыру.
Конкурстың міндеттері:
•оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі
мен қалыптасуы, олардың белсенді азаматтық
ұстанымын қалыптастыру;
оқушылардың интеллектуалды дамуы;
әр түрлі қызмет түрлерінде жоғары ынталы
және дарынды оқушыларды анықтау, дамыту
және қолдау үшін жағдай жасау;
•оқушылардың оқуға деген ынтасын дамыту;
•конкурсқа қатысушылардың көпшілік алдында
сөйлеу дағдыларын игеруі, аудитория алдында
сенімдерін қорғауы;
•дарынды балалар мен педагогтар
қауымдастығын қалыптастыру;
•мектептегі білім берудің беделін арттыру.
Конкурсқа 6-11 сынып оқушылары қатысты. Конкурс нәтижесі бойынша 8-9 сынып оқушылары арасында бас жүлдеге
Мусабаева Рухият ие болды.
Жетекшісі:Назарова С.Б