Қазан айының 22 - 24 аралығында Сандықтау ауданы Сандықтау ауылындағы облыстық "Жас дәурен" сауықтыру лагері ғимаратында "Ақберен" облыстық өнер байқауы болып өтті. Байқауға "Шешендік , білгірлік сайысы", "Көркемсөз оқу", "Эссе жазу", "Ұлттық аспапта өнер көрсету", "Ақындар айтысы", "Ақындар мүшәйрасы" сынды алты номинациядан аудандық кезеңнен жеңімпаз атанған ең мықты деген оқушылар өзара бақ сынасты. Әр номинациядан қатысқан оқушылар бар білімдерін ортаға салып жеңіс тұғырынан көрінуге күш жігерлерін салып бақты. Байқау нәтижесі бойынша "Ұлттық аспапта өнер көрсету" номинациясыда ең жас қатысушы 8 "Ә" сынып оқушысы Жанат Аружан жүлделі III орынды иеленсе, "Ақындар мүшәйрасы"бойынша III орынға 10 "Ә" сынып оқушысы Қабидолла Куралай лайықты деп танылды. Ал "Шешендік , білгірлік сайысы" номинациясында 9 "А" сынып оқушысы Алмас Аяулым I орынға ие болып республикалық кезеңде облыс намысын қорғайтын болды.