19.10.2023 күні мектебіміздің әлеуметтік педагогы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында “бүгінгі азамат болашақ ел тірегі” тақырыбында ұлдар жиналысын өткізді. Жиналысқа қатысқан 8-11 сынып оқушыларын құқық бұзушылықтың салдарымен қоғамға мектеп өміріне жеке тұлғаға тигізетін зияны мен салдарын таныстырып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Аталған жиында жасөспірімдер арасындағы барлық зиянды әрекеттер тізбектеліп қоғам дертіне айналған электронды сигаретпен оның залалы жайлы ақпараттар таныстырылды. Сонымен қатар мектеп өмірімен күнделікті қарым қатынаста туындайтын қиындықтарды жою мақсатында мектебіміздің бітімгершілік ұйымы “Достық алаңы” жұмысы мен жоспары таныстырылып әр оқушыға кез келген жағдайда қолдау көрсетіп аталған мәселені бірлесе шешуге шақырды.