Бүгін, қарашаның 15-і күні «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де аудандық семинар өтті.
Тақырыбы: «Озат тәжірибе –ортақ іс»
Мақсаты: «Іс-тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің шығармашылық әрекеттерін дамыту, оқушыларға сапалы білім беру»
Семинар барысында атаулы мектептің 11 ұстазы өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар және шебер сынып өткізді.
Тарих пәні мұғалімдері Панияз А мен Медеуова А.Б. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Арынгазиева Н.С және Байдалина А.М. Музыка пәні мұғалімі Бердигулова А.Ж. Дене шынықтыру мұғалімі Шормангалиев Н.А,химия пәні мұғалімі Аяс Ж.Б. Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Назарова С.Б. Бастауыш сынып мұғалімдері:Төлеген Дәулет,Канафина Г.А, Тугел А.А
Аудандық білім бөлімінен қатысқан әдіскер мамандар мен өзге мектептерден келген ұстаздар іс-шараға байланысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салса, жас мамандар әдістемелік қорларына көп тәжірибе алғандарын айтты.