"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының N 3 жалпы орта білім беретін мектебі" 20 қарашада «Еркін тыныс ал!» Жалпыреспубликалық флешмоб өткізілді.Флешмоб салауатты өмір салтын қолдауда ұжымдық ұстанымды білдіруге бағытталған. Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қолдау, вейпингтің зияны, оның ағзаға тигізетін кері әсері, адамның жалпы хал-жайына, көңіл-күйіне және өмірлік белсенділігіне теріс әсер ету туралы хабардарлық деңгейін арттыру.
3. Міндеттері:
• вейпингтің зияны, құрамында никотині бар кез келген өнімдерді тұтынудың негізгі қауіптері мен салдары туралы толық, ғылыми негізделген ақпарат беру;
• белсенді өмір салтын насихаттау: жаман әдеттерге балама ретінде физикалық белсенділік пен спортты насихаттау;
• әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық пайдалы мақсаттардың негізінде мектеп қауымдастығы ішінде бірігу және өзара әрекеттесу;
• оқушылардың ақпаратты талдау және салауатты өмір салтының пайдасына шешім қабылдау дағдыларын дамыту;
• оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу;
• жеке өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігі;
• өз өмірі мен денсаулығы үшін жеке жауапкершілікті сезіну, пайдалы әдеттерді дамыту, отбасында, ұжымда, қоғамда өзін-өзі ұстау арқылы құқықтық тәрбие беру.
#еркінтынысал #бізтемекішегуге қарсымыз#дышисвободно #мыпротивкурения