«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасөспірім – Заң - Қауіпсіздік» бойынша іс – шара

22.02.2018

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар  бүгінгі күнгі

қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық

бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке 

толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі

таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр,  себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған

жасөспірімдердің саны азаяр емес.

Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының

басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстар көп. Атап айтар болсақ,

Есіл ауданы білім беру бөлімінің шығыс хатына сәйкес,2018 жылдың 22 ақпанында

«Жасөспірім – Заң -Қауіпсіздік» бойынша  іс – шара өткізілді.  Осы іс – шараға Есіл ауданы

ішкі істер бөлімінің аға полецейі Смағұлов Азамат Бөкесбайұлы қатысты. 7 – 9

сынып оқушыларының арасында дөңгелек үстел отырысы болды. Кәмелеттік жасқа

толмаған балалардың түнгі сағат 22.00 ден бастап көшеде ата – аналарынсыз

жүрмеулерін атап айтты. Оқушыларға қауіп төнген жағдайда қалай қорғану

керектігін түсіндірді. Жедел жәрдем шақыру немесе сенім телефондарына хабардар

етулерін айтты.

10 – 11 сынып оқушыларының қатысуымен саяхат сабағын

өткізді. Онда мектеп оқушылары мектебіміздің аға тәлімгері Калем Айсұлудың

жетекшілігімен аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратына барып, онда алдын – ала

дайындалған дәрістер оқылып, практикалық жұмыстармен танысты. Учаскелік

полецейлердің көмегімен көшедегі бейнебақылаулардың қалай жұмыс жасалатынын

және де басқа құрылғылармен таныстырылды. Оқушылардың өздеріне алған әсерлерін

бір – бірімен пікірталаса бөлісіп, өз ойларын ортаға салып, көңілді тарқасты.

 

   Мектеп тәлімгері:  Камел Айсулу

Просмотров: 478


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст