19 ақпан 2018 жылы «Білімнің іргетасы – бастауыш мектеп»
тақырыбында бастауыш сынып апталығының ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты:
1.Білімділік:
Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде есік ашатынын сендіру.
Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.
2. Дамытушылық:
Бастауыш сынып балаларының оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, ойлау
қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік:
Өзін – өзі басқару мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
3-4 сыныптардың ашылу салтанатына тақырыптық жиындар өткізді. Өлендер
оқылып, көріністер көрсетілді. Мектеп тақырыбында ән шырқалды. Жауапты 4 «Ә»
сынып оқушылары басқа сыныптарға арнап пән газеттерін шығарды. Ол газеттерде
қызықты ребустар, сөзжұмбақтар, сканвордтар бар. Апта соңында осы сұрақтарға
жауап берген оқушылардың дұрыс жауаптарына түрлі сыйлықтар беріледі.