Есіл қаласы №3 орта мектебінде МұқағалиМақатаевтыңтуғанкүніне арналған «Мұқағали сырлы әлем» атты іс – шара өткізілді.
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған
өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін
шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес
Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты халық. Қысқа ғұмырында
М.Мақатаев ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткен ұлы ақын.
Дара дарын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған
Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 88 жыл.Атаулы іс – шарада
Мұқағалидың үні әліде жалғасуда дей келе, өмірі мен шығармашылығына көгілдір
экранға көңіл аударып, дайындалған бейне роликтің көмегімен өмір жолына шолу
жасап қайтты.Сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр
жолдарына құлақ салып, Р. Қожахметовна мен Қ. Қиямбеконаның жетекшілігімен
дайындалған Төлеухан Бұлбұл «Ана»жәнеКалахова Карина «Үш бақытым»атты
Мұқағалидің әндерін тыңдап бір тамсандық.Ақынның көптеген шығармаларына
қазақтың атақты композиторлары ән шығарды. Қазақ поэзиясының көгінен орын
алған заман жыршысы, мұзбалақ ақынның өзі өмірден өтсе де өлеңдері өлген жоқ.
Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра,
қасиетті қазына.