«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Президент Жолдауын талқылау

22.01.2018

Мектеп ұжымының жиналысы

                                 «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың  жаңа мүмкіндіктері»                

                                  Президент Жолдауын  талқылау  кеңесінің отырысы

Қатысқандар: мұғалімдер - 40

Қатыспағандар:  0

Мектеп директоры: Коккузов С.Б.

ТЖО:  Бөрібаев А.К.

Коккузов С.Б. мектеп директоры :  Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2018 жылы 10

қаңтарда  жарияланды.Осы президент

Жолдауы республикалық басылымдарда  жарық

көрді. Енді осы  Жолдауға тарих пәні

мұғалімі Хуаныш Нұргүл тоқталып он басым бағытты қысқаша атап өтеді.

Хуаныш Нұргүл тарих мұғалімі:  Биылғы  Президент Жолдауындағы «Адами капитал жаңғыру

негізі»  жетінші бағытқа тоқталғым

келеді.Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім

болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.2019 жылдың  1 қыркүйегіне қарай  мектепке дейінгі білім беру ісіне балалардың

ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын

бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.Орта білім беру саласында жаңартылған

мазмұнға көшу басталды,ол 2021жылы аяқталады.Педагогтарды  оқыту және олардың біліктілігін арттыру

жолдарын қайта қарау керек болды.

Қазақстандықтардың болашағы қазақ,орыс, және ағылшын тілдерін еркін

меңгеруінде.Қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен

қиындатпай, қазіргі заманға лайықтау керек.Латын әліпбиіне көшу 2025 жылға

дейін нақты кестесін жасау керек.

2019 жылдан   10-11  сыныптардағы

жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын

болады.

«Баршаға тегін кәсіптік техникалық білім беру»жобасын жүзеге асыру қажет.

Тоқтархан Жандос қазақ тілі мұғалімі: Аграрлық саясатқа мән беру, аграрлақ

университеттердің рөлін жоғары көтеруде ауыл шаруашылығында жаңа дамудына жол

ашатыны белгілі.Транзиттен түсетін табыс салығын арттыру,жүк қозғалысын онлайн

режимінде бақылауға  цифлық

технологиялары енгізудің маңызы өте қажет деп ойлаймын.

Бердигулова А.Ж : Қазіргі қоғамдағы мәселе жемқорлықпен күрес, құқық қорғау

органдарының өкілеттілігі мен жауапкершілігі, қоғамдық тәртіпті сақтау күн

тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі деп ойлаймын.

Шешім: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші

өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына

Жолдауын  ұжым ұстаздары қолдайды.Сонымен

қатар жүзеге асуына өз үлестерін қосады.

 

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст