1 – 3 қараша аралығында біз ҚР бас қаласы - Астана қаласына экскурсияға бардық.
Елорданы аралап мұражайларға, кітапханаларға, Назарбаев университетіне бардық. Қазақстан
Республикасының бірінші президент мұражайына, Ұлттық мұражайға, Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев атындағы университетке және кітапханада болдық. Мұражайларда
Н.Ә. Назарбаевтың өмірі, отбасы туралы, ерте замандарда өмір сүрген
жануарлардың, ежелгі қазақстан тұрғындарының қалай көшпелі болғанын, отырықшы
егіншілік дамығанын, ежелгі тұрғындарының төл жазуы, олардың тасқа қашап жазған
жазулары, салған суреттері туралы көп мәлімет алдым. Қызықты оқиғалармен,
ежелгі көшпелілер, сақ, ғұн сарматтардың өмір салтымен таныстым. Астана қаласы
өсіп көркейе берсін. Саяхатқа ауданымыздың әр мектептерінен де балалар барды.
Өзіме жаңа достар таптым. Тек қана қазақ ұлты ғана емес сонымен қатар өзге ұлт
өкілдерінен де оқушылар барды. Астана қаласында "Wyndham garden Astana" деген
отельде тоқталдық. Отель өте әдемі, үлкен . Саяхат жақсы өтті. Саяхатқа апарған
мұғалімдерге көп рахмет.
Есіл қаласы №3 орта мектептің
8 «а» сынып оқушысы -Мырзағалиева Наргиз