«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тілдері күні» апталығы

09.10.2017

"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру"  атты

елбасымыздың  бағдарламасында, «Біздің

мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына

қосылуы» - деп айтылған болатын.  «Мақсатқа

жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы

тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай,

олардың өзегіне айналады»  – деп елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқымен бірге алға қойған мақсатын әрі қарай

жүзеге асыруға Есіл қаласының №3 орта мектеп ұжымы мен тәрбиеленушілері бірлесіп

көптеген іс – шараларды әп дегенде «Білім күнімен» бірге бастап кетті. «Сүйікті

алтын ұя мектебім» - атты  білім күніне

арналған салтанатты іс – шарамызға көптеген ата – аналар мен қонақтар келді.

Өзінің жүрекжарды лебізімен  Есіл

қаласының әкімінің орынбасары Қажетов Абай Қабденұлы барша мектеп қабырғасында

оқып жүрген, алғаш қадам басқан бүлдіршіндерді және ұстаздар қауымымен келген

қонақтардың баршасын  құттықтады. Сонымен

қатар мектебіміздің директоры Коккузов Серік Боранбайұлы оқу жылының

басталуымен құттықтай отырып, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

-  атты 

бағдарламасындаға төрт бағдарға шолу жасап өтті. Олар: «Тәрбие және

білім», «Атамекен», «Рухани казына», «Ақпарат толқыны».

Білім күнінің алғашқы сабақтары:  «Мен

патриотпын» - атты тақырыптарымен тәрбие сағаттары барлық буындар бойынша

өткізілді. «Ата Заң» күніне орай мектеп кітапханасында «Мемлекеттік тіл –

менің тілім» атты көрме ұйымдастырылды. 15 – 22 қыркүйек аралығында

мектебімізде Қазақстан республикасының «Тілдері күні» апталығы болып өтті. Осы

апталыққа орай мектебімізде онкүндік жұмыс жоспары құрылып төмендегідей іс –

шаралар  атқарылды. Атап айтар болсақ «Елін

сүйген Елбасы», «Мәңгілік ел», «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең», тақырыптарында

8 - 11 ші сыныптар аралығында эссе-шығармалар жазылып, 5 -  7 ші сыныптар арасында  «Туған жерім» , «Тілім менің»,  тақырыптарында мәнерлеп оқу, яғни көркем сөз

оқу шеберлерінің байқауы ұйымдастырылды, 

1 – 4 бастауыш буындар арасында «Мекенім Қазақстан», «ЕХРО-2017», «Туған

жерімнің табиғаты» -  атты суреттер мен

қабырға газеттерінің  байқаулары өтті.

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст