«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

кәсіптік бағдар

24.02.2017

 Есіл қаласы №3 орта мектепінде 9 б сыныбының ұйымдастырылуымен «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» - деп аталатын іс-шара өтті. Бұл сабақтың мақсаты оқушыларды  өмірге деген сүйіспеншілігін арттыру,  қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандықтарға байланысты  жақсы ұғымға қалыптастыру.  Жұмыстың мазмұнымен, мағынасын  арттыратын  мамандық әлемінің өзіндік, қиындықтарымен бірге жақсылықтарының көп болатындығын түсіне білу. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Бұл күндері өміржолы сан тарау болып басталатын мектеп түлектері қандай мамандықты  таңдасам екен деген сұрақтар төңірегінде біраз толғанады.. Ол тіптен жылдар, айлар бойы  толғануы мүмкін, өйткені  бұл оңай мәселе емес. Бұл жерде ата-ананың, туған-туыстың, іні-қарындастың, жора-жолдастардың кеңесіне құлақ қойған да жөн. Атаулы іс-шараға 8- ші 9-шы сынып оқушылары ат салысты.

Іс-шараның есебі: 8-9 сынып оқушылары қатысты, 10 сынып оқушылары көрермен ретінде қатысты. Оқушылардың болашақтағы, асқақ армандарының бірі "қандай мамандық иесі боламын" мақсатқа жетер жолдағы кедергілерді

анықтап, қиындықтарды жеңе білуге үйрету еді. Балалық шағындағы арман мақсаттарының орындалуы, үшін қазірден бастап еңбектену керектігін түсінді. Мақсатсыз адам қанатсыз құспен тең. Оқушылардың арман тілектері, оларға жақсы күш жігер береді, күрделілікке деген сүйіспеншілігін оятып, еңбекке деген қабілеттілігін арттырады. Әр сынып оқушыларының дайындаған мамандық жайында пікірлерін тыңдау арқылы біз мынадай қорытынды шешім қабылдадық. "8А" сынып оқушыларының "Дизайн" мамандығын таңдауының себебі, бұлар ерекше дарын иелері. Дарындылықты дамытып, асулар мен белестерден сүрінбей өтіп, өмірден өз орнын табуға қолдау көрсетуіміз керек. Олар дизайн мамандықтарының түрлері мен таныстыра отырып, мақсатқа жетер жолды да айқын көрсете білді. (еңбек кабинетіндегі суреттерін қою керек) Сондықтанда олар бірінші орынды иеленді. "9 Ә" сынып оқушылары мұғалім мамандығының қыр- сырымен бөлісіп, осы мамандықтың өте қиын әрі жоғары дәрежедегі мамандықтың бірі болатындығын түсіндіре білді. ( "9Ә" сынып оқушыларының суреті) Осындай іс – шаралар көбірек өткізіліп тұрса, мұғалім мен оқушы арасындағы сыйластығымыз артып, оқушыларымыз ибалы, өнегелі тәрбиелі,жауапты еліне елеулі, халқына қалаулы жақсы азаматтар мен азаматшалар болып өседі. Осы тәрбие сағатынан кейін жауапты болып ұйымдастырып үлкен істі атқарған 9"Б" сынып оқушылары ешбір шаршаған жоқ. Керісінше  жақсы көңіл күйде болды.  Еңбекке деген қабілеттері оянып залды өздері жинастырып қойды.

Просмотров: 461


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст