«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар бойынша есеп

17.02.2017

Есіл қаласының №3

орта мектебінде 2017 жылдың 15 ақпанында өткізілген семинар бойынша есеп

Есіл қаласының №3 орта мектебінде 15-ақпан күні  «Инновациялық білім, жаңа заман талабына сай

технологияларды қолдану арқылы баланың шығармашылық ізденісін қалыптастыру»

атты семинар өткізілді. Семинарға Есіл ауданы Білім бөлімі әдістемелік кабинетінен әдіскерлер:Богучарская Л.И., Кудерина А.О.,    Хангишиева Ж.Г. қатынасып, мұғалімдердің сабақтарына талдау жасап, өз пікірлерін білдірді.Біліктілік санаттарын көтеруге өтініш білдірген мұғалімдер ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтар өткізді.   Өзінің жинақтаған бай тәжірибесімен бөлісе отырып, бүгінгі күні аудан көлемінде өткізілген сабақтарда мектебіміздің ұстаздары  өз сабақтарын жаңа форматта заман талабына сай технологияларды қолданды.Семинар барысында аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің сабақтары мен сыныптан тыс сабақтар тақырыптары төмендегідей құрылымда өткізілді.   

         

Мұғалімнің- аты жөні

Ашық сабақ тақырыбы

Сыныптан тыс сабақ тақырыбы

Санат түрі

1

 Коккузов С.Б

 Орыс тілі.«Моя семья»

3 сынып

 

 Бірінші санат

2

Лахай Рина

Биология.«Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі

топтары»

7 сынып

«Қызықты география» 7 сынып

Бірінші санат

3

Хуаныш Нургул

Қазақстан тарихы.«Тың және тыңайған жерлерді игеру» 9

сынып

 

«Отырар мен Түркістан-тарихы оның бір дастан»

7 сынып

Бірінші санат

4

Лахай Ақбота

Информатика. «Кестелер, кесте құру, кесте ішіне мәтін

енгізу».    6 сынып

 

«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны. 5 сынып

Бірінші санат

5

Фазылова Ж. К

«Обособленные 

определения» 

8  сынып

 Минуты поэзии»

по творчеству С.Есенина и

М. Макатаева.  

11 сынып

 Жоғары санатты растау

6

Нұртазин А.Қ

«Волейбол допты беру әдісі»

 

Бірінші санат

7

Бекжанов А.К

«Натюрморт» 5 сынып

 

Бірінші санат

8

Төлеген Д

Сауат ашу пәні «Қыс» 1 сынып

 

Екінші санатты растау

  Семинар сабақтары ашық түрде өткізілгендіктен тәжірибе жинақтау мақсатында ауданымыздың басқа мектептерінен

де мұғалімдер қатынасып өзара тәжірибе жинақтау мақсатын қойды. Алдымен семинардың ашылу рәсімі болды. Мектеп оқушылары келген қонақтарға ән-бимен шашу шашып, жақсы көңіл-күй сыйлады.Сондай-ақ қонақтарымызға мектебіміз бен жетістіктеріміз туралы шағын мәлімет берілді.Өз ашық  сабақтарын көрсететін мұғалімдер туралы да аздаған мағлұмат берілді және семинар кестесі таныстырылды. Әр пән мұғалімі өз сабақтарын белгіленген

уақытта өткізіп, үлгерді. Алғашқыда  орыс тілі мен тарих, биология және информатика, бейнелеу өнері сабақтарынан ашық сабақтар берілсе, екінші сабақтарда сыныптан тыс сабақтар мен дене шынықтыру және орыс тілі сабақтары өткізілді.Соңғы сатыда Фазылова Ж.К мен Хуаныш Н сыныптан тыс сабақтарын көрсете алды. Семинарға өз сабақтарын ұсынған мұғалімдер замануи әдіс-тәсілдерді пайдаланып, өз сабақтарын барынша түсінікті әрі, оқушылардың ұғымы мен логикасына сай деңгейде берді. Сабақтар барысында сын тұрғысынан ойлау, модульдік технология т.б педагогтар арасында кең тараған   технологиялардың әдіс-тәсілдері қолданылды.Оқушылардың өз ойларын айтуына мүмкіндіктер жан-жақты қарастырылды. Ашық сабақтар аяқталған соң әр әдістемелік

бірлестікте сабақтар талқыланып, пікірлер айтылды. Сонымен бірге семинар соңында дәстүр бойынша «Тәжірибе алмасу» кезеңіне өтіп, мектебіміздің мұғалімдері  баяндамалары тыңдалды. Тоқтархан  Ж «Қазақтілі мен әдебиет әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыра отырып, оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру», Назарова С.Б   «Білім алу барысындағы оқушылардың өзара әрекеттестігінің маңыздылығы», Қасжан Р.Б «Сын тұрғысынан ойлаудың тиімді әдістері арқылы география пәнінде оқушылардың ізденістерін қалыптастыру» тақырыптарында тәжірибе алмасты. . Тәжірибе алмасу бойынша әдіскер Кудерина Айсұлу  Омарбековна    тәжірибе алмасқан мұғалімдерге  сертификаттар  тапсырып, қорытынды жасады.Соңғы сөзді түйіндеген Богучарская Любовь Ивановна ұстаздарға сәттілік тілеп, ашық сабақтар берген мұғалімдердің жұмысына оң нәтиже  берді. Ауданымыздың басқа мектептерінен келген мұғалімдер  де өздері қатынасқан сабақтарға жақсы баға берді.

Просмотров: 687


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст