«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Синий кит

16.02.2017

Есіл қаласы №3 орта мектебінің жалпы мектепішілік ата – аналар жиналысы

Өтетін күні: 10.02.2017 жыл                                                                              

Өтетін жері: мектеп мәжіліс залы                                                              

Тақырыбы: Әлеуметтік желілерде

насихаттайтын  «Синий Кит» «Көк кит»  «Тихи дом»  «Тыныш үй»

Күн  тәртібі:                                                                                                        

Мектеп директорының тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары: Бөрібаев Айбар Қайыржанұлының  алғы сөзі                                                      

Мектептің әлеуметтік педагогы: Нұрманова Әсемгүл Болатқызының баяндамасы                                                                                                           

Мектептің психологы: Саяхат Тойгүлдің баяндамасы                     

    Қорытынды:  Әлеуметтік желіде ұзақ отырасың ба? Қазір әлеуметтік желі дегенді жиі естиміз. Ол не? Ол - ғаламторда отырып, өзгелермен қарым- қатынас жасауға мүмкіндік беретін желі. Бұл желі адамды ғаламтор ұзақ ұстайтын қармақ секілді. Әлемдегі 14 пен 40 жас аралығындағы адамдардан сұрағанда, олардың үштен бірі ғаламторды жиі пайданалады екен. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер адамдарға әртүрлі сайттарға жиі кіруге мүмкіндік береді. Соңғы кезде әлеуметтік желі дамып, өзгеріп жатыр. Бүгінде ғаламтор өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.Ғасырдың ең озық жетістігі әрі сырқаты болып саналатын ғаламтордың жастарымызғапайдасы мен зияны қатар тиюде. Әсіресе, ғылым мен техника дамыған замандағаламтордың қызметіне ұялы байланыс арқылы жүгінетіндер көбейді. Мәселен, ұялы байланыс нарығын тоқсандық зерттеу кезінде тұтынушылардың 78 %-ы телефонына ай сайын 2 мың теңгеден жұмсап отырған. Оның ішінде, ең көп қолданушылар 16-29 жас аралығын құрайды. Жалпы, елімізде интернет пайдаланушылардың саны 12 миллионнан асып жығылыпты. Бұл халықтың 70 пайызы деген сөз. Сондай-ақ, осыдан бес-алты жыл бұрын ғаламторда жастар көбіне ресейлік «Мой мир» желісін пайдаланса, кейіннен«Фейсбук», «ВКонтакте», «Инстаграм», «WhatsApp», «Скайп» секілді қосымшаларды пайдалана бастады. Қазір ұялы байланыссыз жүрген жастарды көрсек, таңырқайтын болдық. Әлеуметтік желіде көрген білгендерін қызықтап, қажетті ақпараттармен бөлісіп, фото орнату, лайк басу, пікір білдіру, селфи жасау үрдісі қалыпты дағдыға айналды. Бүгінде интернетке тәуелділіктің салдарынан жастардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, жазу мәдениеті де төмендеп барады. Ол аздай, компьютер клубтарына кіру бағасы арзан. Мәселен, мұндай клубтар сағатына 150-200 теңге шамасында. Қалтасында осындай ғана азын-аулақ ақшасы бар кез-келген бала компьютерлік клубтарда қалауынша интернетте отыра алады. Ал олар дәл сондай сомадағы ақшамен кинотеатрға немесе саябаққа, фитнес клубтарға бара алмайды. Бос уақытын қызықты өткізгісі келетін жас жеткіншіктер, қалталарында ақшалары болмағандықтан 150 – 200 теңгеге компьютер клубтарына баруға тура келеді.

Психологтардың кеңесі  

Психологтар жасөспірімге білім алу уақытында сабаққа бару, сабақ уақытында сабақ оқу, ойын уақытында ойнау керектігін ұдайы жеткізіп отырған жөн, – дейді. Күнделікті жоспары бар жасөспірім ойын уақытында қалағанынша ойнасын. Сабақ оқу уақыты келгенде, сабағын оқысын. Ережелерді ата-анасымен бірге белгілеуге және күнде осы ережелерді қайталағаны дұрыс. Кез-келген бала өзін қадағалауды осылайша үйренеді дегенді алға тартып отыр.   Интернеттің пайдасы, жаңалықтарды дәл уақытында фейсбук, инстаграм арқылы біліп отырамыз. Арнайы

ашылған топтарда өз қалаңа қатысты немесе сүйікті ісіңе қатысты топтарда жаңалықтармен хабардар болудан бөлек іс-шара, қызықты кездесулерге барамыз. Әлеуметтік болғасын бөлісу жақсы нәрсе. Осы уақытқа дейін байқағанымыз яғни өздеріңіздіңде байқап жүргендеріңіз, телефон желісінде, компьютерлік клубтарда отырғандықтан денеміздің аз қимылдағаны, қай жерде болмасын телефонға үңілеміз деп көзге салмақ түсіргеніміз және ұйықтар алдында, ұйқыдан тұра салып телефон шұқылау әдетке айналды. Бұл көру қабілетімізді нашарлатты.

Түйін:         Айтуға оңай болғанымен, әрине жастарды бірден интернетке деген тәуелділіктен арылту

қиын. Бірақ бұл «бұдан шығатын жол жоқ» дегенді білдірмейді. Әрбір жас тиянақты білім алумен қатар, күн тәртібіне бос уақытын пайдалы өткізуді күнделікті жоспарлап үйренсе, интернетке деген тәуелділікті алмастырар еді. Осы және де басқалар жайлы қазір мектебіміздің психологы мен әлеуметтік педагогтарын тыңдап

көрейік.

  

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛІР 

АРҚЫЛЫ СУИЦИДТІ НАСИХАТТАЙТЫН

«КӨК КИТ» «ТЫНЫШ ҮЙ»

Баяндама (ата-аналар жиналысы)

Әлеуметтік педагог: Нурманова А.Б

Жалпы, әлеуметтік желілердің, соның ішінде Вконтакте желісінің жасөспірімдерге кері әсер ететіні жайлы талай айтылған. Діннің радикалды бағыттарына үндейтіндер де, экстремистік насихатты тарататындар да,

порнография да, өмірден баз кешуді мұрат тұтып, жұртты да өздерінің қатарына қосып алуға тырысатындар да сол желіде. Ресейлік бұл әлеуметтік желіні бақылаушылар да, қолданушылар да онда «әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ»

екенін аңғарады. Ақыры сол жүгенсіз желінің зардабы бізге де тие бастады. Ондағы суицидке үндейтін топтардың арбауына түсіп қалған жасөспірімдер анықталып жатыр. Қазірдің өзінде «Синий кит», «Тихий дом» деп аталатын «ермек» тауып, сондағы үйлестірушілердің дегеніне еріп, өздеріне қол салмақ болған жасөспірімдер Алматы мен Астанадан, Семей мен Павлодардан, Петропавл қаласынан табылды. Бірқатар ақпарат құралдары Теміртауда өзіне қол салған жасөспірімнің ажалына әлеуметтік желілер әсер еткендігін жазуда. Бірақ ол оқиғаның анық-қанығы әзірге нақтыланбады. Құқық қорғаушылар Астанадағы мектеп оқушыларының арасынан әлеуметтік желінің кесірінен өмірден баз кешпек болғандарды анықтапты. Елімізде бір оқушы өз білегін тіліп, тамырын кеспек болған. Тура әлгі ойындардағы талапты орындапты. Абырой болғанда өлім-жітім жоқ. Дегенмен, соңғы бір аптаның ішінде әлеуметтік желілер арқылы суицидке шақыратын ойындарды ойнағандардың қатары аз емес екендігі анықталып жатыр.

“Көк

киттің” қатысы қанша?

Сөз басында жасөспірімдерді суицидке итермелейтін «ойындардың» бірі «Синий кит» деп аталатынын айттық. Кәдімгі көк кит бұл. Соңғы жарты ғасырда осынау алып жануарлар саны сиреп бара жатыр. Ғалым­дар көк

киттердің бірқатары өздерін қай­раңға атып жіберіп, жағалауда өлетінін анық­таған. Біраз зерттеушілер оған мұхиттардың ластануы себеп десетін. Қандай себептен болса да көк кит қана емес, бірқатар киттер өздерін қайраңға лақтырып жіберетіні рас. Бір сөзбен айтқанда, суицид жасайды. Интернет арқылы өзгелердің тағдырын тәлкекке салатындардың «бас кейіпкер» ретінде китті таңдауының сыры осында.Ресейлік Вконтакте желісінде китке қатысты топтар, қауымдастықтар өте көп. Ресейлік басылымдар олардың басым көпшілігі өлімді насихаттайтынын жазып жатыр. Жабық қауымдастықтар мен топтарға қосылған жасөс­пірімді түрлі тәсіл­дермен қызық­тырып, арнайы тап­сырма беретін ойын ұйымдас­тыратын көрі­неді. Сөйтіп, 50 кезең­нен тұратын ойын­ның со­ңында өзіне қол салуы тиіс

екен. Әйт­песе, ойынға қаты­сушының туыс­­тарына қас­тандық жасалады екен-мыс. Китке қатысты топтарға қосыл­ған жасөспірімдерді осылай қорқытып-үркітетін көрінеді. Ақыры тығырыққа тірелген бозбала немесе бойжеткен өмірмен қоштасуға ұмтылады. Бірақ өткен жылы журналистік зерттеу жасаған ресейлік «Новая газета» басылы­мының тілшілері суицидке итермелейтін топтардың өкілдері ойынан бас тартқан бірде-бір адамның туысына қастандық жасамағанын жазған. ҚР Ішкі істер ми­нистрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат де­пар­­таментінің директоры Алмас

Сәду­баев масс-медиаға жасаған мәлімдемесінде 2016 жылы жасөспірімдерді өздеріне қол салуға итермелеген 9 дерек тіркелгенін айтты. Бі­рақ олардың әлеуметтік желілер­дегі топ­тар­мен байланысы нақты анықтал­маған. Де­генмен,

құқық қорғау органда­рының ма­ман­дары әлеуметтік желілерде суицидті наси­хаттайтын топтарды анықтап, бұғаттап жатса керек. Сонымен бірге, білім беру меке­мелеріне де арнайы нұсқаулықтар беріле бас­тапты. Астана мектептеріне қалалық про­куратура әлеуметтік желілердің зардаптары туралы ескерту жасап, маман­дар­ды сақ болуға

шақырыпты. Шығыс Қазақстанда да тиісті органдарға тапсырма берілгені белгілі болды. Қысқасы, мемлекет те қарап қалмай, қарсы шараларды ұйымдастырып жатыр.

Әлеуметтік

желілерді бұғаттасақ ше?

Өткен жылы Ақтөбеде террорлық акт жасалған кезде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Вконтакте әлеуметтік желісін бұғаттау туралы ой айтқан. Себебі, бұл

желі бассыз-баусыз кетсе керек. Түрлі бәле-жаланың бәрі сол желіде насихатталатын көрінеді. Біз атап өткен желіде киттің атауын алған топтардан бөлек, «Беги и умри», «Фея» деген қауымдастықтар да бар. Тіпті, ондай жабық топтар мен қауымдастықтардың саны жүздеп саналуы мүмкін. Алайда бұл желіні жапсақ жағымсыз контентті тежей

аламыз ба? Елімізде сол желіде тараған сорақы «ойынды» ойнап, өзінің қолын тіліп тастаған балаға қатысты деректерді қаскөйлер қалай алды? Мәселе сонда болып тұр. Ақпараттық технологиялар саласының мамандары бұл жерде мәселе тек әлеуметтік желіде емес екенін айтады. Техникалық тұрғыда қандай да бір адам жайлы ақпаратты бүге-шігесіне дейін білу оңай-оспақ шаруа емес. Тек интернет қолданушылардың салғырт-салақтығының кесірінен түрлі ақпараттар қолды болып кетеді. Қаскөйлер соны да пайдаланып бағады.

“Вертер

синдромын” туындаттық-ау…

Әлеуметтану ғылымында «Вертер синдромы» деген ұғым бар. Мұны алғаш рет америкалық әлеуметтанушы Дэвид Филлипс айтыпты. Мәселенің мәні мынада: масс-медиа арқылы көрсетілген, айтылған, жазылған өз-өзіне қол

салу жөніндегі ақпараттардан кейін шынымен де өмірден баз кешпек болатындардың саны өсіп кетеді екен. Яғни, ұласпалы сипатқа ие болады. Қазақтың «жақсы­лықты асырып, жамандықты жасыруды» өмірлік ұстаным қылуы содан болса керек. Бір сөзбен айтқанда, қандайда бір жаман қылық, қатігездік, қылмыс туралы жиі айтылса, соларды жасайтындардың қатары да өсе түседі. Демек, әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан «ермекті» бірінші кезекте осы «Вертер синдромы» тұрғы­сынан қарастырған жөн.Иә, алдымен ВКонтакте желісінде өлімге итермелейтін

контент бар екенін ресейліктер айтқан. Өткен жылы Ресей масс-медиасы 2015 жылдың қарашасы мен 2016 жылдың сәуірі аралығында Ресейде 130 жасөспірімнің әлеуметтік желілердегі суицидті насихаттайтын топтардың кесірінен өздеріне қол салғанын жазған еді. Бірақ ол кезде бұл ақпарат туралы біздің елде айтылмады.

Тек ішінара кейбір мамандар әлеуметтік желілердің қауіпті екендігін алға тартқан. Ал биыл… Биылғы әңгіме

ақпаннан басталды. Алдымен Қырғызстанда әлеуметтік желілерде «Синий кит», «Тихий дом» тәрізді ойындарды ойнап, өздеріне қол жұмсамақ болғандардың көбейіп кеткені туралы айтылды. Іле-шала бұл әңгіме Қазақстанда жайылды. Бірқатар телеар­налар, ірі сайттар ақпарат таратты, жаңалықтардан көрсетті. Одан соң WhatsApp желісінде түрлі диалогтардың скриншоттары, фотолар тарай бастады. YouTube желісінде де бейнежазбалар то­лып жүр. Бірін-бірі сақтандырған жұрт. Балалардың тағдырына алаңдаған көп­шілік. Суицидтің алдын алуға ұмтылған қауым

#ядельфин немесе #янекит #небудименяв420 сияқты түрлі хэштегтер арқылыәлеуметтік желілерде белсенділік танытып жатыр. Құптарлық іс. Алайда әлгі«Вертер синдромы» ретінде қарасақ, әлеуметтік желілерде суицидті насихат­тайтынтоптардың жарнамасын тұтас ел болып жасап отырған сияқтымыз

ИНТЕРНЕТ

АРҚЫЛЫ СУИЦИДТІ НАСИХАТТАЙТЫН

«КӨК

КИТ»,  «ТЫНЫШ ҮЙ»

Баяндама «ата-аналар жиналысы»

Ақпан айы басталғалы бері интернеттің қазақстандық сегменті тағы да дүрлігіп жатыр. Рас, жұрттың назарын

бірден аудара қоймағанмен бұл жолғы мәселе бөлек .Жасөспірімдердің тағдырына тікелей байланысты дүние бұл. яғни, интернет арқылы суицидті насихаттаушылардың қақпанына біздің жерлестеріміз түсті. Астанада бір жасөспірім өзінің қолын кесіп, бақилық болғысы келетінін ашық айтыпты. Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев портал тілшісіне берген сұхбатында қазіргі уақытта суицидті насихаттайтын топтарға мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты. Желідегі «Көк кит» ойынын ойнаған қарағандылық

асылып қалды 19 жастағыҚарағанды тұрғыны өз-өзіне қол салды. Алдын ала болжам бойынша ол желідегі өзін

өлімге итермелейтін «Көк кит» ойынын ойнаған Модератор ойыншыға түрлі тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалап отырады. Мысалы, алғашқы тапсырма ойыншы қолына алмаспен киттің суретін салуы керек. Ең соңғы тапсырма өлім»,. «Галинаның телефонын ашқанымызда «Көк кит»,«Тыныш үй» деген жазуды көрдік.4:20-да «мен ойындамын»»,-деген жазуды көрдікдейді қыздың нағашысы. Суицидке итермелейтін «Синий кит» ойынынан соң

ІІМ ғаламторда бақылауды күшейтті . Ата-аналарды шошытқан «Синий кит» және «Тихий дом» ойындарына байланысты еліміздің Ішкі істер министрлігі интернетте бақылауды күшейтті. Ұл-қыздардың психикасын

зақымдап, суицидке итермелейтіндерді полицейлер аңдуға көшкен,. Көрші Ресейден келген қауіпті ойындар негізінен «Вконтакте» және «Инстаграм» әлеуметтік желесінде кеңінен таралған. Онда қаскөйлер негізінен 9 бен 13 жас

аралығындағы ұл-қыздарды таңдап алады екен. Сөйтіп, олардың әлеуметтік парақшасына жазылып, 50 тапсырманы орындауға мәжбүрлейді. Бас тартып жатса, мекен-жайын білетінін айтып, жақындарын өлтіреміз деп қорқытқан. Бұған алданған жасөспірімдер тамырына дейін кесіп, суретін ғаламторға салып жатыр. Соңғы тапсырма тіпті өзіне қол салу болғандықтан, көрші Ресейде 17 ұл-қыз суицид жасаған екен. Ал, елімізде мұндай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін полицейлер ата-аналарға да балаларына бақылауды күшейтуге кеңес беріп отыр “Әлеуметтік

желілердің басқа елдерде орналасқанына байланысты бұл ресурстардың топтарын бұғаттаумен айналысамыз. Ата-аналарға балаларының виртуалды өміріне бақылау орнатуға кеңес береміз, егер осыған ұқсас жағдайға тап болсаңыз, полицияға хабарласуыңызды сұраймыз. Сол деректерге сай шаралар қолданылатын болады”, Еске салайық, “Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы”

республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын “Синий кит” (Тихий дом”) деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырды. Ассоциация мамандары осы ойынныңәлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін үрейлене ескертеді. Ал топтың “Синий кит” деп аталу себебі – көк киттер мұхиттың жағасына шығып қалу арқылы өлетін көрінеді. Топтың философиясы – өмір теңізінен өз еркіңмен шығып кету. Айта кетейік, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетітінің мәліметінше 2017 жылы кәмелет жасына толмаған балалар арасында жасалған 20 суицид оқиғасы тіркелген. Бұл  2016 жылмен салыстырғанда 42 пайызға (14 жағдай) көп.

  • "Синий
  • кит" өлім ойынының тапсырмаларын орындап жүрген тараздық оқушы
  • анықталды
  • Қарағандылық
  • психолог колледж студентін "өлім ойынынан" құтқарып қалды

Психолог: ата-аналардың "өлім топтарына" қатысты дүрлікпе зиян тигізуі мүмкін Прокуратурада ақпараттандырғандай, "Синий кит" немесе "Киттер үйі" ойыны ресейлік интернет сегментінде былтыр пайда болып, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған суицидтік топтарының табынушылары

арасында кең тарады.  "Арнайы мониторинг кезінде "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі суицидті насихаттаған болуы мүмкін материалдар анықталған. Өйткені аталған топтың суретінде кеше кешке Семей көшелері мен көпірдің үстінен ұшып бара жатқан киттің суреті пайда болды. Көбінде мұндай сурет өлім ойынын тану символы болап табылады. Паблик пайдаланушылары арасында суицидке апаратын тапсырмаларды орындау туралы пікір таластар туындады. Нәтижесінде 16 жасар оқушы мен 17 жастағы Семей колледжінің студенті ойын туралы оң пікір қалдырған", — деп хабарлады прокуратурада.  Ведомствоның атап өтуінше, Семей қадағалау органының қызметкерлері кәмелетке толмаған қыздардың парақшаларын жіті тексеріп, жасөспірім қыздардың суицид насихатталатын топқа кіретіндерін анықтаған. 
  1.Компьютермен

қанша сағат жұмыс істейтініңізді алдын ала анықтап айта аласыз ба?

2.Жоспарлаған

ісіңізді монитор алдынан алшақтай алмағандықтан орындамаған кездеріңіз болды

ма?

3.Интернетте «отырған» сәтте қуаныш сезімі бола ма?

4.Компьютер алдында қазіргіден де көп уақыт

өткізгіңіз келе ме?

5.Интернеттен қол үзіп, off-line болғанда

мазасызданып, ашуланасыз ба?

6.Виртуалды кеңістікте әдеттегіден ұзақ уақыт

өткізетініңізді сезесіз бе?

7.Компьютер алдына ұзақ уақыт болғандықтан

достарыңызбен туыстарыңызбен қарым-қатынасыңыз бұзылған жоқ па?

8.Сүйікті ісіңізден интернет үшін бас тарттыңыз ба?

9.Шынайы өмірге қарағанда интернет арқылы танысу,

араласу көбейіп кетті ме?

10.Достарыңыздан, отбасыңыздан интернетте шын

мәнінде немен айналысып отырғаныңызды жасырасыз ба?

11.Көзіңіз ауыр тартып, арқаңыз бен басыңыз ауырып,

салмағыңыз өзгерді ме?

12.Интернетте жиі отырғандықтан күнделікті өміріңіз

өзгерді ме?

Егер осы сұрақтардың жартысынан көбіне «иә» деп жауап берсеңіз, онда сіз де ғаламтордың «торына» түсетін келесі тұтқыны болып қалуыңыз әбден мүмкін. Ал бұдан шығудың жолдары соншалықты күрделі емес. Берікбол Жарылқасын, сайт маманы, блогер:

 

Просмотров: 838


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст