«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін – өзі тану пәні бойынша
онкүндіктің жұмыс жоспарына сәйкес, Есіл қаласы №3 орта
мектебінде өткізілген ашылу салтанатының ақпараты.
Есіл қаласы №3 орта мектебінде өзін – өзі тану пәні бойынша онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Мектеп оқушыларын екінші қабатта жинап, өзін – өзі тану пәнінің және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен іс – шара, жүргізушілері Жанахмет Малика мен Мереке Қуаныштың оқушыларға және ұстаздарға деген мейірімділік жанжылу сөздерімен басталып, «Ата – анамен балаға деген қарым – қатынас» бейне ролигімен жалғасын таба білді. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бөрібаев Айбар Қайыржанұлы «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін – өзі тану пәні бойынша онкүндіктің жұмыс жоспарымен таныстырды