«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәусар-бұлақ

13.01.2017

Кәусәр бұлақ             

Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік
Ғабит Мүсірепов.

          Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, «Нұр Отан»  партиясының атынан  балаларға арналған кітаптармен толықтыру, қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатымен  Есіл қалалылық №3 орта мектеп кітапханасына «Кәусәр бұлақ»  атты кітабын тарту етті. Көркем әдеби кітаптарын риясыз сыйлаған «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасыры А. Ерденоваға, Есіл аудандық мәслихат хатшысы С.Ағымбаеваға  ризашылығымызды  білдіреміз. «Кітап- білім бұлағы» демекші, кітап оқыған адамның әрдайым рухани байлығы, дүниетанымы кеңейіп, ішкі дүниесі тазаратынын білеміз. Сондықтан да, ұстаздар мен ата-аналар қауымы жас ұрпақты кітапханаға көптеп тартуы керек.

                                                          

   Дайындаған : кітапхана меңгерушісі  Н.М. Накипова

 

Просмотров: 625


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст