«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлыстың ұлы күні –Әз Наурыз»

19.04.2018

Наурыздың 15-ші

жұлдызында «Ұлыстың ұлы күні –Әз Наурыз» атты Мерекелік шара бастауыш

сыныптарда өтті. Мектеп сахнасы мерекелік   шараға

ұлттық дәстүрде безендірілді. Бұл шараға 2-4 сыныптар оқушылары және ата-аналар

қатысты. Сыныптар халқымызыдың ұлы ақын, жазушылар атындағы ауылдарға бөлініп

дастарқан жайып, той думан түрінде өткізді. Тойға алты ауыл қатысты. Мағжан, Сәкен, Ыбырай , Ахмет ,  Абай, 

Шәкәрім ауылдары  болды. Мерекелік шараны ұйымдастырған

4 «ә» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Шаяхметова Бибизия Сәндібекқызы. Мерекелік

шараның мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ

халқының салт дәстүрін дәріптеуге, құрметтеуге баулу. Ұлттық құндылықтарды

білу, сақтау ұғымдарын қалыптастыру. Шара 

шашу биімен басталып, қонақтарға халқымыздың дәстүрімен шашу шашылды.

Мектеп директоры Серік Боранбайұлы келген қонақтарға және оқушыларға құттықтау

сөзін арнады.  Бұл тойда оқушылар Наурыз

айының басқа айлардан ерекшілігіне тоқталды. Өлеңдер мәнерлеп  оқылып, ән шырқалды. Мерекелік шараның

алдында көпті көрген қариядан бата алу рәсімі көрсетілді. Бұл  халқымыздың үлкенді құрметтеуі, оқушылардың

жадында сақталып қалатыны анық. Сонымен қатар табиғат ананың оянуы, жердің

көгеріп, ағаштардың жапырақ жаятыны осы мезгіл. Осыған байланысты «Ағашы

көктету» ойыны арқылы оқушылардың  «Наурыз»

туралы білімдерін бақылау мақсатында ықшам сұрақтар ойыны жүргізілді. Жақсы

жауап берген оқушыларға сыйлықтар табысталды.Ұлттық би байқаулары, ұлттық

ойындар «Арқан тартыс», Сақина салмақ» ойындарын оқушылар өте жақсы ойнаса, әр ауыл

өз өнерлерімен сахнаның сәнін келтірді. Іс-шараға жиналған ата-аналар, оқушылар

көңілді тарасты.

Директордың  Бастауыш сыныптар орынбасары:

Шаяхметова Бибизия Сәндібекқызы

 

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст