Текст
«Жыс Қыранның» қатары толықты
Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына балаларды қабылдау салтанаты қашықтықтан ұйымдастырылды. Ұйымға 1 – 4 сыныптар аралығында үздік оқитын 18 оқушы қабылданды. Шара барысында оқушылар ант қабылдап, ұйымның әнұранын бірге шырқады. Директордың оқу, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С.Назарова, Р.Темірхан оқушыларды жас қырандықтардың қатарына қосылуымен және Тұңғыш Президент күнімен құттықтап өтті. Ал мектеп президенті Р.Жанахмет оқушыларға «Жас Қыран» ұйымының ережелері мен рәміздерін таныстырды.