«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

7 мамыр "Отан қорғаушылар мерекесі"

05.05.2018

7 мамыр Отан қорғаушылар

мерекесіне байланысты

бастауыш сыныптар арасында

өткен  іс-шара есебі

Есіл қалалық №3 орта мектебінде 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай

бастауыш 3-4 сыныптар арасында «Біз Отанның ұландары» атты сайыс өтті. Іс-шараны

ұйымдастырушы-бастауыш сынып мұғалімі Айтмағанбетова Ә.М.

Сайыстың мақсаты –ер балалардың бойындағы қасиеттерін көрсете

отырып,батылдыққа,өз-өзіне деген сенімділіктерінің қалыптасуына,өз бойындағы

өнерлерін көрсете білуге тәрбиелеу.Алдын-ала хабарландыру бойынша сайысқа 3-4

сыныптар арасынан 2 оқушыдан қатысты. Кеш бағдарламасы бес кезеңнен тұрды.

Алғашқы кезең бойынша ұландар жиналған қауыммен өздерін таныстырды. «Өнерліге

өріс кең» кезеңінде өнерлерін ортаға салды. 

Келесі кезеңде спорттық сайыстан қол күрес,асық ату ойындары өтті.

Сонымен қатар ұландар үй тапсырмасы бойынша өз қолымен жасаған қолөнерлерін

таныстырды.  Көптеген  оқушылар ат әбзелдерін жасап алып келіп

көрсетті.Әсіресе 4 А сынып оқушысы Сапаров Нұрсұлтанның қағаз жәшіктен өз

қиялындағы үйді жасап келгені ерекше болды.

Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Әр қатысушы жақсы дайындықпен келген.

Әділқазы алқасы ұландардың өнерін әділ бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша бас

жүлдеге 3 А сынып оқушысы Әлкей Марғұлан ие болды. 1-орынды 4 А сынып оқушысы

Сапабек Аян иеленді. Оқушыларға сыйлық берілді. 

Просмотров: 700


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст