Текст
Мұздағы қауіпсіздік
Мұз үстіндегі бақытсыз жағдайлар қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан болады. Мұндай жағдайлардың соңы қайғылы аяқталуы әбден мүмкін. Тіпті үлкендердің өзі көп жағдайда мұздың ойығынан шыға алмай, мерт болады. Сондықтан мұз үстінде барынша сақтық танытып, төмендегі ережелерді есте сақтап жүріңіздер!
№1 ереже
Қасыңда ересектер болмаса, ешқашан мұздың үстінде жалғыз жүрме! Мұздың үстінде ойнау қауіпті екенін естен шығарма!
№2 ереже
Мұз жұқа жерлерді баспаңыз. Қамыстың арасында немесе қармен көмілген өзін жағалауларында жүрмеңіз.
№3 ереже
Мұзды баспас бұрын, онда аяқ іздерінің бар екеніне көз жеткізіңіз. Аяқ іздері ол жерден адам өткен дегенді білдіреді.