Мектеп бітіруші түлектер мен оқушылар бүгін алтын ұяларымен қоштасып жатыр. Бірі үлкен өмірге қадам басса, өзге оқушылар үшін үш айлық жазғы демалыс маусымы басталды. Осы орайда Есіл қаласының #3 ЖОББМ-де соңғы қоңырау соғылды. Мектеп бітіруші əрбір түлек үшін есте қаларлық ерекше сəттің куəсі болуға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен аудандық музыка мен спорт мектебінен арнайы қонақтар қатысып білім мекемесінің ұстаздары мен жаңа өмірге қадам басқалы отырған жас өрендерге сəттілік тіледі. келе жатқан ұлағатты ұстаздардан тəлім алған 27 оқушы бүгін үлкен өмір жолына қадам басты.
Олардың арасында 3 алтын белгі үміткері бар болса, мектептің 27 түлегі алдағы ҰБТ сынағына қатысып, өз бақтарын сынамақ. Сондықтан, айтулы шара барысында ата-аналар қауымы мен ұстаздар мектеп бітірушілерге ақ жол тілеп жатты